Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Өзбекнефтегаз серіктестікті кеңейту жоспарларын қарастырды

14.11.2025

Ташкент қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиковпен кездесті.

Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Қазіргі уақытта ҚМГ және ӨНГ жұмыс тобы Қазақстандағы перспективті барлау учаскелері бойынша геологиялық-техникалық деректерді зерделеп жатыр. 

Кездесуде мұнай-газ химиясының әлеуеті, атап айтқанда желілік алкилбензол (ЖАБ) өндірісін құру мүмкіндігі қарастырылды.

Сонымен қатар ҚазМұнайГаз, Өзбекнефтегаз, SOCAR және Татнефть компаниялары арасында жасалған төртжақты меморандумды орындау аясындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы бірлескен іс-шаралар мен тәжірибе алмасу жөнінде сөз болды. 

— ҚазМұнайГаз Өзбекнефтегаз компаниясымен өзара тиімді барлық бағыт бойынша серіктестікті кеңейтуге ерекше мән береді. Өзбек әріптестермен ортақ жобаларды іске асыру өңірдің энергетика саласының дамуына, мұнай-газ кешенінде озық технологияларды енгізуге және екі елдің ұлттық экономикасын нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, — деп атап өтті А.Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>