UNEP метан шығарындыларын инвентаризациялау бойынша ҚазМұнайГаздың алғашқы есебін қабылдады
13.06.2024
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) MIST бағдарламасын пайдалана отырып норвегиялық Carbon Limits компаниясының қолдауымен мамыр айының соңында UNEP-ке метан шығарындыларын инвентаризациялау бойынша дайындаған алғашқы есебін жолдады. ҚМГ метан менеджментін енгізу мақсатында сәйкесінше білімі, тәжірибесі мен техникалық шешімдері бар бірнеше халықаралық компаниямен ынтымақтаса жұмыс жасайды.
2024 жылдың 26 ақпаны мен 1 наурызы аралығында ҚМГ-дың екі өндірістік нысанында: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «ҚазГӨЗ» ЖШС Carbon Limits-тің қолдауымен LDAR технологиясы мен рәсімдері жүйесінің көрсетілімі болды.
Сондай-ақ, (USAID қаржыландыратын) Tetra Tech ES корпорациясымен бірлескен «Орталық Азия энергетикасы» жобасын іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 11-21 маусым аралығында «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік нысандарында метан шығарындыларын инвентаризациялау бойынша далалық зерттеулер жүргізіледі.
БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (СОР28) аясында ҚМГ 2023 жылдың желтоқсанында UNEP және IMEO ұйымдастырған OGMP 2.0 (The Oil & Gas Methane Partnership) серіктестігіне қосылды. ҚазМұнайГаз ‒ осы бастамаға қосылған Қазақстандағы алғашқы мұнай-газ компаниясы екендігін естеріңізге сала кетейік.
Анықтамалық ақпарат:
OGMP 2.0 — метан шығарындылары туралы есеп беру стандарты. Бүгінгі таңда бұл мұнай-газ операциялары нәтижесінде метан шығарындыларын жүйелі басқару хаттамасын ұсынатын мұнай-газ секторындағы метан шығарындылары туралы есептіліктің ең толық жүйесі.
IMEO (International Methane Observatory) — атмосфераға метан шығарындыларын азайтуды ынталандыруға арналған БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының метан шығарындыларын бақылау жөніндегі халықаралық обсерваториясы (IMEO).
UNEP — БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1972 жылғы 15 желтоқсандағы № 2997 қарары негізінде құрылған. ЮНЕП-тің негізгі мақсаты — қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
USAID — АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (United States Agency for International Development, USAID). «Орталық Азия энергетикасы» жобасы USAID бастамасымен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ұлғайту және энергия тиімділігін арттыру тұрғысында Орталық Азияның бес елінің рентабельді, төмен көміртекті және тұрақты экономикаға жедел көшуіне қолдау көрсету мақсатында іске асырылды.