Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Көмірқышқыл газын түзу технологиялары бойынша семинар өтті

05.07.2024

2024 жылдың 1 шілдесінде Baker Hughes мамандары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қазақстанның басқа да ірі мұнай-газ компанияларының қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді. Іс-шарада көміртегі шығарындыларын азайту жұмыстарының бір бөлігі болып табылатын көмірқышқыл газын түзу және пайдаланудағы технологияларға (CCUS) баса ден қойылды. Семинар барысында CCUS тәжірибелік аспектілері, соның ішінде технологияларды сынау нысандарын анықтау және оларды енгізу барысы талқыланды. Соның ішінде келесі нысандарға ерекше назар аударылды:

- Прорва кен орындары тобының газын дайындау қондырғысы («Ембімұнайгаз» АҚ);

- Қаламқас кен орнындағы газ турбиналы электр станциясы («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ); Бу генераторлық қондырғылар («Қаражанбасмұнайгаз» АҚ).

- Семинарға қатысушылар негізгі технологиялық аспектілерді, бағалау және жобалау әдістерін, сондай-ақ процестердің мониторингі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін қарастырды.

Бұл шара ҚМГ-ның экологиялық әсерді азайтуға және климаттық мақсаттарды орындауға бағытталған экологиялық таза технологияларды әзірлеуге және енгізуге деген ұмтылысын аңғартады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>