Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Өріктау Оперейтинг және СНПС-Ақтөбемұнайгаз шикі газды өңдеу бойынша келісімшарт жасасты

29.04.2026

ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — «Өріктау Оперейтинг» ЖШС және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Өріктау кен орнынан алынатын шикі газды Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде өңдеуді қарастыратын келісімшартқа қол қойды.

Жоба Мемлекет басшысының қолданыстағы өңдеу қуаттарын барынша жүктеу және жаңа газ кен орындарын жедел игеру жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылуда. Сонымен қатар бұл жаңа перспективті көмірсутек кен орындарын игеру жоспарын орындау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып саналады және жаңа активтерді кезең-кезеңімен өнеркәсіптік игеруге енгізуді көздейді.

Келісімшарт талаптарына сәйкес Ақтөбе облысында орналасқан Өріктау кен орнынан жылына 1 млрд текше метр көлемінде шикі газды өңдеуге жіберу жоспарланған. Нәтижесінде 910 млн текше метрге дейін тауарлық газ, шамамен 75 мың тонна сұйытылған көмірсутек газы, 270 мың тоннаға жуық тұрақты газ конденсаты және 32 мың тоннаға дейін түйіршіктелген күкірт өндірілетін болады.

Шикі газды өңдеуге алғашқы жеткізу 2026 жылдың соңына қарай жоспарланып отыр.

Жобаның басты ерекшелігі — қолданыстағы инфрақұрылымды пайдалану. Бұл өз кезегінде күрделі шығындарды азайтуды, экономикалық тиімділікті арттыруды және жобаны іске қосу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікке және газды өңдеу кезінде заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аударылды.

Жоба қосымша инфрақұрылым құру және салық түсімдерін арттыру арқылы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.

Жалпы, келісімшартқа қол қою Өріктау кен орнын толық игеру жолындағы маңызды кезең болып есептеледі.

ҚазМұнайГаз өндіру көлемін арттыру, тауарлық газдың ресурстық базасын толықтыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуды қамтамасыз ете отырып, перспективті газ активтерін өнеркәсіптік игеруге енгізу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>