Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Маңғыстау облысындағы еншілес ұйымдарының кәсіподақ көшбасшыларын Түркістанда жинады

17.03.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында корпоративтік мәдениетті арттыру саясаты шеңберінде «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Өзенмұнайгаз», «ӨзенМұнайСервис», «Ойл Транспорт Корпорейшн», CASPIBITUM, Қазақ газ өңдеу зауыты секілді өзге де кәсіпорын басшылары мен кәсіподақ көшбасшыларына арнап екі күндік оқу бағдарламасын, семинар-тренингтер өткізді.

Оқу барысында қатысушылар қаржылық сауат бойынша пайдалы ақпарат алып, жаңа дағдылар үйренді, өз компанияларында туындаған өзекті мәселелерді талдап, іскерлік ойын форматында дағдарыс кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтады.

Тренингтерге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев те қатысты. Ол іс-шараға келген қатысушыларға мұндай кездесулер дәстүрге айналатынын және әр жиын сайын қатысатын қызметкерлер саны артып отыратынын жеткізді.

«Бұл іс-шараларды кәсіби деңгейімізді көтеру үшін ғана емес, ұжымның ұйымшылдығы мен ынтымағын одан әрі арттыру үшін ұйымдастыратынымызды ерекше атап өткім келеді. Біздің мақсатымыз — бір, міндеттеріміз — ортақ. Жұмыста туындаған өзекті мәселелердің тиімді шешімін бірлесе отырып қана таба аламыз», — деді өз сөзінде Мағзұм Мырзағалиев.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>