Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз «Торғай Палеозой» жобасы бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды

02.05.2025

Қызылорда қаласында «Торғай Палеозой» учаскесіндегі PZ-1 бірінші барлау ұңғымасын бұрғылау нәтижелері бойынша геологиялық-техникалық кеңес өтті.

Жиынға еңбек сіңірген геологтар мен мұнай-газ саласының ардагерлері, Қызылорда өңіріндегі жер қойнауын пайдаланушы мекемелердің өкілдері, ғылыми ұйымдар, сондай-ақ геология және бұрғылау саласындағы мамандар қатысты. Жиын барысында Оңтүстік Торғай шөгінді алабының палеозойлық кешенін зерттеу нәтижелері және болашақ геологиялық барлау жұмыстарының перспективалары талқыланды.

Оңтүстік Торғай алабының терең қабаттарындағы шөгінділерді зерттеу жобасын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз күшімен жүзеге асырды. PZ-1 - аймақтағы мезозойға дейінгі жер қыртысының ығысуы нәтижесінде пайда болған қабаттардың төменгі бөлігінде қалып қойған шөгінді жыныстарды зерттеу мақсатында бұрғыланған алғашқы ұңғыма. Бұрғылау жұмыстары күрделі геологиялық-техникалық жағдайда жүргізіліп, жобалық тереңдігі 5500 метрге дейін, одан әрі 5585 метрге дейін тереңдетілген.

Бұрғылау нәтижелері жалпы саны 2500 метр қалыңдыққа жететін көбінесе карбонатты шарықшақты коллекторлар мен аралас шоғырланған сланецтерді ашып, тарихта шартты түрде «іргетас» (гнейстер) деп белгіленген жыныстар астында палеозой шөгінді кешенінің қабаттасып жатқанын растады. Бұл - маңызды ғылыми жаңалық, сондықтан осы бағыттағы геологиялық барлау жұмыстарын жалғастыру қажет.

Мұндай пікірді мұнай-газ саласының ардагерлері мен еңбек сіңірген геологтары Герой Жолтаев, Базар Есқожа, Әнуарбек Биғараев, Асылбек Аққұлов және басқалар да қолдады.

PZ-1 ұңғымасынан алынған мәліметтерге геохимиялық зерттеулер нәтижесі мен қолда бар геологиялық-геофизикалық зерттеулер мәліметтерін кешенді түрде қарастырған соң, болашақтағы геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы анықталады. Бұл Оңтүстік Торғайдың солтүстік бөлігі мен Солтүстік Торғай шөгінді алабы аумағын  қамтуы мүмкін.

Жалпы, ҚМГ палеозой кешеніндегі шөгінді жыныстардың расталуын ескере отырып, өңірде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жалғастыратын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>