Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Түркияның Энергетика министрлігі екі елдің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

01.06.2026

Баку қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Baku Energy Week-2026» форум аясында Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактармен кездесті.
 
Тараптар ҚМГ мен түрік мемлекеттік «Turkish Petroleum Corporation» корпорациясы (TPAO) арасындағы геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Екі ел аумағындағы перспективті жобаларды зерттеу үшін компаниялардың мамандары арасында геологиялық деректерді алмасу бағытындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі атап өтілді. Қазіргі кезде ТРАО корпорациясы ҚазМұнайГаздың барлау жобалары пулымен танысу қорытындысы бойынша таңдалған Солтүстік Каспийдегі Үлкен Жамбыл учаскесін техникалық-экономикалық бағалау бойынша ішкі рәсімдерді жалғастыруда.
 
Бұдан бөлек, Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанның 2026 жылғы мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде ҚМГ мен TPAO арасында қол қойылған мұнай сервисі саласындағы келісімі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы туралы сөз болды. Бүгінде бұрғылау, сервистік сүйемелдеу, техникалық қызмет көрсету, ұңғымаларды игеру және өзге де өндірістік қызметтер саласындағы тәжірибесін ескере отырып, ұлттық компанияның мұнай сервисі кәсіпорындарын ТРАО-ның түрлі елдегі жобаларына тарту мүмкіндіктері қарастырылуда.
 
Кездесу қорытындысы бойынша А.Хасенов пен А.Байрактар Қазақстан мен Түркияның энергетикалық секторын дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыты бойынша байланыстарды кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>