Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

TUMAR интеллектуалды жүйесі Жетібай кен орнында енгізілуде

15.08.2025

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жетібай кен орнына барып, TUMAR интеллектуалды жүйесінің жұмысымен танысты.

Жоба ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, қауіпті технологиялық операцияларды жүргізу кезінде оқыс оқиғалардың алдын алуға және қызметкерлерді қорғауға бағытталған. 

TUMAR бұзушылықты автоматты түрде анықтайды, қауіп-қатер кезінде жарық немесе дыбыс белгілерін қосады. Модельдерді оқыту үшін барлығы 15 мыңға жуық бейнесурет өңделіп, 16 санат бойынша 183 мыңнан астам нысан белгіленді.

Жүйе машинаны оқыту және компьютерлік көру технологияларына негізделген үш қызметтен тұрады:
- жеке қорғаныс құралдарын бақылау;
- гидравликалық кілтпен жұмыс істеу кезінде қауіпті іс-әрекеттерді бақылау;
- қауіпті аймақты бақылау.

2024 жылы жобаның тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жұмыстары Жетібай кен орнындағы («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ) ұңғымаларды күрделі жөндеудің бір бригадасында сәтті жүргізілді. Қазіргі уақытта TUMAR Жетібай және Қаламқас кен орындарындағы ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу бойынша 10 бригадада пилоттық режимде іске қосылды. Жыл соңына дейін жобаны «Oil Services Company» ЖШС-нің 60 бригадасына тарату жоспарланып отыр.

Қауіпсіз өндірістік процесті қамтамасыз ету — ҚМГ үшін негізгі міндеттердің бірі. Бүгінде компания өз қызметінде жасанды интеллект саласындағы озық технологияларды жан-жақты енгізіп келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>