Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Орталық және Шығыс Өріктау кен орындарында жайластыру жобалары іске асырыла басталды

16.07.2026

ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «Өріктау Оперейтинг» ЖШС Ақтөбе облысында орналасқан Орталық және Шығыс Өріктау кен орындарын кең ауқымды игеру аясында оларды жайластыруға бағытталған жобаларды іске асыруға кірісті.

Дайындық кезеңі толығымен аяқталды, оның ішінде құрылыс техникасы мен персонал жұмылдырылды, ұзақ уақыт әзірленетін жабдықтарды жасау мен жеткізу бойынша келісімшарттарға қол қойылды, вахталық қалашықтар мен уақытша қоймалар бой көтерді, сондай-ақ қажетті материалдарды жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды.

Орталық Өріктау кен орнында газ жинау мен тасымалдау жүйесінің құрылысы және жаңа газ өндіру ұңғымаларын жайластыру іс-шаралары жүргізілуде. Шығыс Өріктауда мұнай мен газды алдын ала дайындау цехын, электрмен жабдықтау нысандарын, операторлар ғимаратын, сепараторлар алаңын, өртке қарсы су құбырын және басқа да өндірістік инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстары атқарылуда.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Орталық және Шығыс Өріктау кен орындарын кең ауқымды игерудің нәтижесінде заманауи өндірістік инфрақұрылым құрылып, озық технологиялық шешімдерді енгізу қамтамасыз етіледі.

Жалпы, Орталық Өріктау жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін шикі газдың өнімділік деңгейін жылына 200 млн текше метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Көрсеткіш біртіндеп жылына 1 млрд текше метрге дейін артпақ. Кен орнынан алынған шикі газ Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде өңделетін болады. Нәтижесінде 910 млн текше метрге дейін тауарлық газ, шамамен 75 мың тонна сұйытылған көмірсутек газы, 270 мың тоннаға жуық тұрақты газ конденсаты және 32 мың тоннаға дейін түйіршіктелген күкірт шығарылады.

Бұл жоба Мемлекет басшысының қолданыстағы өңдеу кәсіпорындарының қуатын толығымен пайдалану және жаңа газ кен орындарын жедел игеру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар бұл ҚМГ-ның көмірсутек шикізатының перспективті кен орындарын игеруге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі, яғни жаңа өндірістік активтерді кезең-кезеңімен іске қосу көзделген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>