Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бөлімшелері мұнайдың төгілуін оқшаулау мен жою және танкердегі өртті сөндіру бойынша жаттығуларды сәтті өткізді

28.05.2024

28 мамырда Ақтау порты аумағында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ)  бөлімшелері бірлескен авариялық жаттығу өткізді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, күштер мен құралдардың іс-әрекеттері мен дағдыларын жетілдіру ‒ жаттығудың негізгі мақсаты болды.

Теңіз барлау буыны, флот порты, МАТЖ (мұнайдың авариялық төгілуін жою) тобымен мұнайдың авариялық төгілуін оқшаулау және жою, танкеріндегі өртті сөндіру бойынша барлық іс-әрекеттер пысықталды.

ҚМГ бөлімшелері («Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы мен «KMG Systems&Services» ЖШС) өз міндеттерін ойдағыдай орындады, ал қатысушылар төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл іс-қимылдар жүргізу бойынша жетік білімдері мен іскерліктерін көрсетті.

Жаттығу барысын «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мамандары, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің, төтенше жағдайлар және экология департаменттерінің өкілдері бақылады.

Жаттығу «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және ҚМГ компаниялар тобында 2024-2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында өткізілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>