Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен TPAO мамандары «Үлкен Жамбыл» жобасының әлеуетін зерттеп жатыр

03.02.2026

Астанада Түркияның «Turkish Petroleum Corporation» мемлекеттік компаниясының (TPAO) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) өкілдері екіжақты ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында тараптар Солтүстік Каспийдегі «Үлкен Жамбыл» геологиялық барлау жобасын нақты іске асыру кезеңіне көшу мүмкіндіктерін қарастырды. Жоба аясында тереңдігі 4500 м болатын ұңғыманы бұрғылау жоспарлануда. 

Бұдан бұрын ТРАО мамандарына егжей-тегжейлі техникалық сессиялар жүргізілді, сондай-ақ оларға ҚМГ-ның перспективті геологиялық барлау жобаларын жан-жақты зерттеу үшін «дата-рум» деректерін пайдалануға мүмкіндік берілді. 

Талдау қорытындысы бойынша түрік серіктестер «Үлкен Жамбыл» оффшорлық жобасына қызығушылық танытып, учаске бойынша техникалық-экономикалық бағалау жүргізуде.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>