Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы мен «Транснефть» ЖАҚ президенті ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

02.10.2024

2024 жылы 2 қазанда Мәскеу қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен жұмыс бабында кездесті.

Кездесуде ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайы «Транснефть» ЖАҚ және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай құбыры жүйелері арқылы тұрақты тасымалданып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар А.Хасенов Қазақстан мұнайын «Дружба» мұнай құбыры арқылы тасымалдауға қолдау көрсеткені үшін Ресей тарапына алғысын білдірді. 

Кездесуде тараптар мұнай тасымалдау мен транзиті, КҚК қызметі саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі мен КҚК теңіз терминалы объектілерін жаңғырту және сенімділігін арттыру жөнінде компания іске асырып жатқан бағдарламаларды, сондай-ақ КҚК тиеу жүйесіне қатысты алдағы жоспарларын талқылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>