Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және Turkish Petroleum Corporation ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды

23.01.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Анкара қаласында Түркияның «Turkish Petroleum Corporation» мемлекеттік компаниясының (TPAO) басшысы Джем Ердеммен кездесті. 

Геологиялық барлау, көмірсутектерді өндіру және инвестиция тарту бағыттарында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

ҚМГ мен ТРАО арасында 2025 жылы маусымда құпиялылық туралы келісімге қол қойылған болатын. Содан бері Қазақстан мен Түркия арасында ақпарат алмасу және геологиялық барлау жобаларын зерделеу бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. Бұдан бұрын ТРАО мамандары үшін егжей-тегжейлі техникалық сессиялар жүргізіліп, оларға біздің еліміздегі перспективті барлау учаскелері бойынша геологиялық деректерді пайдалануға мүмкіндік берілді.

Талдау қорытындысы бойынша түрік серіктестері «Үлкен Жамбыл» (Солтүстік Каспий) оффшорлық жобасына қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта ТРАО аталған учаске бойынша техникалық-экономикалық бағалауын жүргізуде.

А.Хасенов ҚМГ осы жобаны нақты іске асыру кезеңіне өтуге толық дайын екендігін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

Анықтама: 
TPAO 1954 жылы құрылған. Ол Түркияның барлау, өндіру, өңдеу және сатумен айналысатын интеграцияланған мемлекеттік мұнай компаниясы. TPAO-ның әсіресе Қара теңізде және шығыс аймақтарда көмірсутекті өндіру көлемін ұлғайту бағытында ауқымды бағдарламалары бар. Компанияның ішкі жобалардан бөлек, Әзербайжан, Алжир, Солтүстік Кипр қайраңындағы мұнай-газды барлау мен өндіру жобаларына қатысып келеді. Сондай-ақ ТРАО-ның сейсмикалық және бұрғылау кемелерінің жеке флоты бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>