Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Turkish Petroleum Corporation ынтымақтастық перспективаларын талқылады

28.07.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Анкара қаласында Түркияның «Turkish Petroleum Corporation» мемлекеттік компаниясының (TPAO) басшысы Ахмет Түркоғлумен кездесті. 

Тараптар инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу және экологиялық тұрақты жобаларды ілгерілету мәселелеріне баса назар аудара отырып, геологиялық барлау, тасымалдау және мұнай-газ саласының басқа да бағыттарындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта ҚМГ мен ТРАО компанияларының жұмыс топтары Қазақстандағы перспективті геологиялық барлау учаскелерінде ықтимал бірлескен бастамаларына талдау жүргізуде. 

А.Хасенов атап өткендей, Мемлекет басшысының Түркиямен қарым-қатынасты тереңдетудің стратегиялық бағыты аясында ҚазМұнайГаз осы елдің энергетика саласындағы жетекші компанияларымен байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлуде. 

ҚМГ басшысы ТРАО-мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық серіктестікті дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>