Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен TotalEnergies жаңартылатын энергетика саласында ынтымақтастықты нығайтуда

04.12.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «TotalEnergies Renewables» компаниясының аға вице-президенті Оливье Жунимен кездесті.

Тараптар Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт «Мирный» жел электр станциясын салу бойынша ортақ жобаны іске асыру барысын талқылады. Бұл өз кезегінде жаңартылатын энергия секторының дамуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, «Мирный» жобасы 250-ге жуық тұрақты жұмыс орнын, құрылыс кезеңінде 2000-ға жуық уақытша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жалпы инвестиция көлемі — шамамен 1,3 млрд доллар.

— ҚазМұнайГаз жаңартылатын энергетиканы дамытуға және көміртегі ізін азайтуға бағытталған жобаларды белсенді қолдайды. Біз француз компаниясының ЖЭК-ті дамытудағы мол тәжірибесін ескере отырып, TotalEnergies-пен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуды көздейміз. «Мирный» бірлескен жобасы – Париж келісімі шеңберінде Қазақстанның декарбонизация жөніндегі мақсаттарына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам, — деп атап өтті А.Хасенов.

Қазіргі уақытта ҚМГ өзінің 100 пайыз еншілес ұйымы — «KMG Green Energy» ЖШС арқылы «Ақтас Энерджи» ЖШС жобалау компаниясының құрамына кіруді жоспарлап отыр.

Ұлттық компания басшысы сондай-ақ ҚазМұнайГаз 2031 жылға қарай парник газдары шығарындыларын 2019 жылғы шығарындылармен салыстырғанда 15%-ға төмендету бойынша төмен көміртекті даму бағдарламасын қабылдағанын хабарлады. ҚМГ қосымша декарбонизация бағыттарын, оның ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарындағы кен орындарында көміртекті тұту, сақтау және кәдеге жарату жобасын (CCUS) белсенді түрде қарастыруда.

Одан бөлек, ҚМГ өнеркәсіптік корпорацияларға көмірқышқыл газының шығарындыларын тасымалдауға және азайтуға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы «Солтүстік шұғыласы» жобасын іске қосу бойынша «ТотальЭнерджис», «Экинор» және «Шелл» компанияларының бірлескен тәжірибесін зерделеуді көздейді.

Оливье Жуни өз кезегінде Қазақстан мен Францияның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және тұрақты болашақ құру жөніндегі күш-жігерін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>