ҚМГ басшысы Эстонияның іскерлік топтар өкілдерімен ынтымақтастық әлеуетін талқылады
17.11.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Tallinna Masinatehas OÜ» компаниясының бас директоры Вадим Мартыновпен кездесті.
Тараптар ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Қазақстан аумағында өндірісті локализациялау мәселелерін талқылады.
А.Хасенов атап өткендей, елімізде жергілікті қамтуды ұлғайту және тауарларды оқшаулау — ҚМГ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі. Бұл ретте компания үшін мұнай-газ саласына арналған сапалы жабдықтарды отандық кәсіпорындарда өндірумен қатар, озық технологияларды енгізу, мамандарды даярлау және сервистік құзыреттерді дамыту да аса маңызды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыт бойынша өзара тиімді серіктестікті нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Анықтама:
«Tallinna Masinatehas OÜ» (Таллин машина жасау зауыты) 1865 жылы негізі қаланған. Бүгінде Балтық елдері аймағындағы ауаны салқындату аппараттарының ең ірі өндірушісі болып саналады. Компанияның түрлі жылу алмасу жүйелері мен басқа жабдықтарды әзірлеу мен жасау саласында мол тәжірибесі бар.