Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Астанада ҚазМұнайГаз мұнай өңдеуші мамандарына арнап Shell концернінің сарапшылары технологиялық семинар өткізді

24.09.2024

Shell Catalysts and Technologies мұнай-химия компаниясымен (SC&T, Shell концернінің бөлімшесі) ұзақ мерзімді ынтымақтастық шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) мұнай өңдеу және мұнай-химия департаментінің техникалық даму басқармасы 23-24 қыркүйек күндері Астанада мұнай өңдеу және мұнай-химия саласы бойынша технологиялық семинар ұйымдастырды. Іс-шараға ҚМГ мен оның еншілес тәуелді ұйымдары («АМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «ПҚОП» ЖШС және «KMG PetroChem» ЖШС) инженерлері қатысты.

Семинарда SC&T әзірлеген мұнай өңдеу процесіне шолу жасалды, сондай-ақ гидрокрекинг процесінде вакуумдық айдаудың жетілдірілген әдістері мен мұнайды терең өңдеу технологиялары таныстырылды. Негізгі майларды өндіру ісіндегі тенденцияларға және ілеспе технологияларды дамытуға ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар Shell C&T өкілдерімен әңгімелесу барысында пікір алмасып, өздерін қызықтырған тақырыптарды қозғады.

Іс-шараның екінші күн сұрақ-жауаптардан басталды. Содан кейін газ өңдеу, соның ішінде күкіртті сутекті жою мен олқылықтарды жою мәселелері талқыланды. Мәселен, бүкіл өңдеу процесін баяулататын жабдықтың шектеулі өткізу қабілеттілігіне тоқталды. Олқылықтарға катализаторлардың тиімділігінің төмендеуі, техникалық мәселелер, газ құрамындағы вариациялар (оны тазартудың қосымша қадамдарын қажет етеді) және қатаң экологиялық ережелер кіруі мүмкін. Бұл мәселелерді шешу газ өңдеу процестерінің тиімділігі мен сенімділігін арттырады, мұның бәрі мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін маңызды.

Мұнай өңдеу зауыттарын декарбонизациялау және мұнай-химия процестерін МӨЗ-бен біріктіру жеке тақырып болды. Сұрақ-жауап сессиясында MASTER ж»не OMEGA моноэтиленгликоль (МЭГ) өндіру технологиялары талқыланды.

Жалпы, технологиялық семинар ҚазМұнайГаз бен Shell-дің мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың және озық технологиялармен алмасудың маңызды қадамы болды.

Айта кетсек, ҚМГ биыл Axens және Lummus Technology компанияларымен да осындай техникалық семинарлар өткізді.

Анықтама үшін:

Shell Catalysts & Technologies (SC&T) — бұл бұрын Shell Global Solutions брендімен белгілі болған Shell концернінің бөлімшесі, ол мұнай өңдеу үшін озық катализаторларды, техникалық қызметтерді және лицензияланған технологиялық процестерді әзірлеп шығарады және ұсынады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>