«Таза Қазақстан»: ҚазМұнайГаз өңірлерде экологиялық бастамаларды қарқындатуда
03.08.2024
ҚазМұнайГаз компаниялар тобының 100 жуық қызметкерлері дәстүрлі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Қатысушылардың сабын Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) мен «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) өкілдері құрады. Эко-акцияға қатысушы Қазақтүрікмұнай офисының қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы Президент саябағын, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Елемес кен орнындағы 1- МГӨЦ ауданын және Жем өзенінің жағалауын, Лақтыбай, Оңтүстік Қаратөбе кен орындарының маңайын, Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы 2 мұнай газ өндіру цехының территориясын қоқыстардан тазалап, көгалдандырды.
УОГ қызметкерлері жұмылған сенбілікте Орал қаласындағы Назарбаев пен Сарайшық және Шаған-Жағалау көшелері тазаланып ретке келтірілді. Жиналған тұрмыстық қалдықтарды қалалық экология департаментімен келісіліп арнайы полигонға жөнелтті.
Жыл басынан бері ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері таза қоршаған ортаны құруға бағытталған 180-ге жуық іс-шара өткізді.