Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты

27.04.2024

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялары тобының 300-ден астам қызметкері 27 сәуірде елордада ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияға қатысты.

«Экологиялық айлықтың «Жасыл аймақ» аталатын осы аптасында көптеген ағаш көшеттері отырғызылып, аулалар абаттандырылды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын қолдай отырып, ҚазМұнайГаз елордамызды тазарту, көгалдандыру және абаттандыруға өз үлесін қосуда. Осындай қоғамдық іс-шараларға әріптестеріміз бүкіл отбасымен бірге қатысып, өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсетуде», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев эко-акцияға қатысушылармен жүздесу барысында.

ҚМГ қызметкерлері бүгін елордада биіктігі 3,5 метрден асатын 600 —  шырша, қайың, үйеңкі, алма, алмұрт, қарағаш және линден ағаштарын №75 мектеп-гимназия аумағында (Мәңгілік ел даңғылы, 28/1), сонымен бірге «Мәңгілік» ТҮК маңында (А.Бөкейхан көшесі, 40) отырғызды.

Арнайы акциямен 2024 жылғы сәуір айының басында ҚазМұнайГаздың қаржылай қолдауымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 15 мың гектар алқабына 4,5 млн жуық сексеуіл көшеттері отырғызылды.

Ағаш отырғызу компанияның экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару (ESG) қағидаттарын берік ұстанатынын көрсетумен  қатар құрлық экожүйелерін қорғауға және қалпына келтіруге, шөлейттенуге қарсы тұруға күш салуға шақырады.

Ұлттық компания республика бойынша кәсіпорындары орналасқан өңірлерде жыл сайын жоспарлы түрде жасыл желек отырғызады. 2023 жылы ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымдары 40 мыңға жуық ағаш екті.

Дәстүр биыл да жалғасуда. Жақында «Қаражанбасмұнай» АҚ кен орнының аумағына 700-ден аса терек, айлант және акация көшеттерін, ал «Қазгермұнай» БК ЖШС қызметкерлері Қызылорда қаласына іргелес Талсуат ауылында 60  астам жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды.

Павлодар мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «САМАЛ» оңалту орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Зауыт қызметкерлері ағаштарды бұтап, орталық аумағында санитарлық тазалау, балаларға арналған алаңдарды бояу жұмыстарын жүргізіп, 3 тоннадан астам қоқыс шығарды. Сонымен бірге орталыққа қарағай көшеті мен бөртегүл ағашын отырғызды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жас мұнайшылары Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылындағы Айдар-Ишан мешіті тарихи ескерткішінің аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, жиырмадан аса жеміс ағашының көшеттерін отырғызды.

2024 жылы ҚазМұнайГаз компаниялар тобы жыл соңына дейін республика бойынша 86 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>