Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Таза Қазақстан»: ҚазМұнайГаз өңірлердегі экологиялық іс-шаралар сериясын жалғастыруда

27.07.2024

ҚазМұнайГаз компаниялар тобының 180-нен астам қызметкері «Таза Қазақстан» дәстүрлі акциясына қатысты. Қатысушылардың сабын Ақтау қаласынан «Қаражанбасмұнай» АҚ (КБМ), Ақтөбеден «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, Шымкенттен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПКОП), Атыраудан «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС «(KPI) және  Елордадан «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС-ны4 өкілдері құрады. Эко-акцияға қатысушылар қоқыстарды тазалап, қоғамдық орындарды көгалдандырды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы Каспий теңізінің жағалауында жұмыла сенбілік ұйымдастырып 200-ге жуық қаптарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигонға жөнелтті. Атырауда KPI қызметкерлері Бірлік және Береке шағын аудандарындағы теміржол желісі бойындағы учаскені, сондай-ақ Бірлік көпірінің айналасын тазартты. Ақтөбеде Қазақтүрікмұнай қызметкерлері тазалық пен тәртіпті сақтай отырып, Тұңғыш Президент атындағы саябақта сенбілік өткізді. ПКОП екі автобус пен бір арнайы техника пайдалана отырып, зауыттың санитарлық-қорғау аймағындағы тазалықты қамтамасыз етті. Елордада ҚМГ-Құмкөл қызметкерлері орталық мешіт ауданында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ҚМГ мен еншілес ұйымдардың қызметкерлері ауаның ластануын төмендетуге және болашақ ұрпақ үшін экологияны сақтауға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қоса отырып «Автокөліксіз күн» акциясына қатысты.

Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚМГ компаниялар тобы «Таза ел» құруға бағытталған 170-тен астам экологиялық іс-шаралар, сенбіліктер мен челлендждер өткізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>