ҚазМұнайГаздың қатысуымен «Таза Қазақстан»: экологиялық іс-шаралар сериясы өтті
20.07.2024
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық эко-акция аясында ҚазМұнайГаздың кәсіпорындары бар барлық өңірде кезең-кезеңімен түрлі іс-шаралар өтуде. Бұл шараларға ҚМГ мен еншілес ұйымдарының мыңдаған қызметкерлері, соның ішінде олардың отбасының өкілдері, еріктілер мен компания белсенділері қатысуда.
Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚМГ компаниялары тобы қатысқан 160-тан астам экологиялық іс-шаралар, сенбіліктер мен челлендждер өткізілді. Бүгінгі «Таза Қазақстан» акциясына «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 16 мұнай-газ өндіру басқармасының 300-ден астам қызметкері, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы «Өріктау Оперейтинг» ЖШС және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өкілдері қатысып қолдау білдірді. Эко-акцияға қатысушылар өздерінің қызметтік учаскелерінде тазалық жұмыстарын жүргізуге және қоқыстардан тазартуға мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға атсалысты.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысу мен үшін өз жеріме және отандастарыма қандай да бір үлес қосу болып табылады. Біз үшін бұл жақсы дәстүрге және ұрпағымыздың болашағы үшін қоршаған ортаға қамқорлық көрсету мүмкіндігіне айналды», - деп атап өтті МГӨБ-3 аға операторы Садыр Рахмедуллаев.
Сонымен қатар, алдағы дүйсенбі күні ҚМГ-да «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында «Автокөліксіз күн» деп жарияланғанын атап өтеміз. ҚМГ барлық қызметкерлері ауаның ластануын азайтуға, болашақ ұрпақ үшін экологияны сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуға бағытталған челленджге қосылуға шақырады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жұртшылықтың назарын экологиялық проблемаларға және табиғаттың тазалығын сақтаудың маңыздылығына аударуға арналғанын еске саламыз.
ҚазМұнайГаз қызметкерлері бұл акцияға белсенді түрде ат салысуда. Олар бірнеше рет белгілі жер телімдерін тазалауға, қоқыстарды сұрыптауға, ағаш отырғызуға, экологиялық шеберлік сыныптары мен ағарту іс-шараларына да қатысты.
Сонымен бірге ҚМГ қалдықтарды, энергия тұтынуды және зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға бағытталған заманауи технологиялар мен тәжірибелерді белсенді түрде енгізуде.
ҚазМұнайГаз экологиялық бастамаларды іске асыра отырып жыл соңына дейін 88 мың астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр, оның 23 мыңға жуығы биылғы көктемде егілді.