Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Таза Қазақстан»: ҚазМұнайГаздың 2 мыңнан астам қызметкері республикалық экоакцияға қатысты

24.08.2024

24 тамызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялар тобының 2800-ден астам қызметкері бір мезгілде сенбілікке шықты. Бұл ауқымды іс-шараға Астана қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарындағы ҚМГ еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

«Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл бастама жұртшылықтың назарын экологиялық проблемаларға, қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығына аударуға бағытталған. Бүгін ҚМГ тобының ұжымы елорда мен өңірлерді тазарту және абаттандыру бойынша дәстүрлі сенбілікке шықты», — деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы А.Хасенов.

Бүгін Компания қызметкерлері Нұра өзенінің жағасынан 6 тоннадан астам қоқыс шығарды. Сенбілік аясында ҚМГ компаниялар тобы бойынша өңірлерде барлығы 120 тоннаға жуық қоқыс жиналып шығарылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚМГ компаниялар тобы бойынша 180-нен астам экологиялық іс-шаралар өтті. ҚМГ қызметкерлері сенбіліктер, ағаш отырғызу бойынша акциялар, экологиялық челлендждер мен шеберлік сыныптарын да өткізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>