ҚМГ мен TAQA ынтымақтастық перспективаларын қарастырды
27.08.2026
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов TAQA компаниясы (Сауд Арабиясы) атқарушы директорының м.а. Райед Ескандранимен кездесу өткізді.
Тараптар геологиялық барлау, мұнай сервисі, сондай-ақ озық технологияларды енгізу бағыттарындағы өзара іс-қимыл әлеуетін талқылады. Ескі кен орындарында игеру тиімділігі мен мұнай алуды ұлғайту, карбонатты және газ кен орындарында өндіруді қарқындату мен өнімділік деңгейін арттыру, сондай-ақ өндірілуі қиын қорларды игеру мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек, ұлттық компания басымдық беретін бағыттар – өндірісті локализациялау және мұнай сервисі құзыреттерін дамыту жөніндегі жобалар.
Кездесу соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.
Industrialization & Energy Services Company (TAQA, Сауд Арабиясы Корольдігі) 2003 жылы құрылған, штаб-пәтері Дахран қаласында орналасқан. Кейбір активтері 1960 жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Компания мұнай қызметтерінің толық спектрін ұсынады, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылау мен игеруге арналған жабдықтар мен химияны өндіреді. Бүгінгі таңда TAQA қызметкерлерінің саны 5500 адамнан асады. Компания Таяу Шығыс, Африка және Азияның 20 елінде өзінің қызметін жүргізеді.