Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Білімді ұрпақ тәрбиелеу: ҚазМұнайГаз маңғыстаулық дарынды оқушыларға қолдау көрсетті

18.04.2026

Жаңаөзен қаласында «Daryn Joly» қайырымдылық жобасы бойынша ұйымдастырылған олимпиаданың жүлдегерлері марапатталды. Оқушылар арасында өткен білім байқауы Мемлекет басшысының зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында өткізілді. Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар қатысты.  

Олимпиадаға шамамен 540 бала қатысып, олардың арасынан анықталған үздіктер түрлі сыйлықтармен марапатталды. Ал жеңімпаздарды дайындаған сегіз педагогқа алғыс хаттар табысталды.  

2025 жылы қазан айында басталған «Daryn Joly» жобасы — Маңғыстау облысындағы мұғалімдердің біліктілігі мен кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған. Бастама аясында 850 үміткердің ішінен іріктелген 192 педагог білімін жетілдіруге мүмкіндік алды.  

Бағдарлама Жаңаөзен қаласының білім беру мекемелері ғана емес, Қарақия және Түпқараған аудандарының тірек мектептерін де қамтыды. Оқу процесі заманауи әдістемелерді, цифрлық технологияларды және авторлық білім беру шешімдерін пайдалана отырып, негізгі пәндік бағыттар бойынша жүргізілуде.  

Жоба Маңғыстау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен, Білім-Инновация халықаралық қоғамдық қорының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>