Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Shaanxi Yanchang Petroleum Group ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

29.04.2024

«ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК АҚ  мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы Shaanxi Yanchang Petroleum Group CO₂ тұту, пайдалану және сақтау, мұнай-газ химиясы, мұнай және газ кен орындарын барлау, игеру және өңдеу, сондай-ақ өнім импорты мен экспорты саудасының мәселелері бойынша екіжақты өзара іс-қимылды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

26 сәуірде Астанада ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев пен Shaanxi Yanchang Petroleum Group бас директоры Чжан Қайюн құжаттарға қол қойды.

«Біз қол қойған құжаттар — компаниялар арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға және Қазақстанның мұнай-газ саласының аясын кеңейту мен төмен көміртекті дамытуға  қосымша үлес қосады», — деп атап өтті С.Брекешев.

Анықтамалық ақпарат:

Шэньси Янчан Петролеум Тобы (Shaanxi Yanchang Petroleum Group) — қытай мемлекеттік мұнай-газ компаниясы. Штаб-пәтері Шэньси провинциясының Сиань қаласында орналасқан. Топқа мұнай және газ өндірумұнайды өңдеу, мұнай-химия өнімдерін өндіру, құбыр тарту мен оларға қызмет көрсету бойынша кәсіпорындар кіреді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>