Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Sustainalytics» агенттігі «ҚазМұнайГаздың» ESG тәуекел-рейтингін жаңартты

29.12.2022

Биыл желтоқсанда Sustainalytics рейтинг агенттігі ҚМГ-нің ESG тәуекел-рейтингін жаңартып, 28,4 балл берді. Компания өз бағасын корпоративтік басқарудағы бизнес-этика қағидаттарын күшейту арқылы жақсартты. ҚМГ аталған рейтингте тұрақты деңгейін сақтай отырып, Sustainalytics агенттігі бағалаған 270 әлемдік мұнай-газ компаниясының арасында үздік 20-ға кірді. Sustainalytics агенттігі жаңартқан рейтинг туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы көруге болады.

Осыған дейін Sustainalytics агенттігі ҚМГ-нің ESG тәуекелдерін басқару деңгейін 28,5 балға бағалаған болатын.

Компания ESG тәуекел-рейтингін жақсартып, бизнесті жауапты жүргізудің халықаралық стандарттарына сәйкес өз қызметкерлерінің орнықты даму саласындағы біліктілігін арттырып отыруға тырысатынын айта кеткен жөн.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен еншілес компаниялары қызметкерлер арасында ESG мәдениетін арттыруды жалғастыра отырып, бизнестің адам құқықтары саласындағы әрекеттерін бақылау бойынша оқыту тренингтеріне қатысты. Тренингтерді Қазақстандағы БҰҰ-ның даму бағдарламасы Жапония Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырды. Оқыту барысында ҚМГ-нің еншілес компанияларының 25-тен астам қызметкері адам құқықтары саласында біліктілігін арттырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>