Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз басшылығы стратегиялық сессия өткізді

07.06.2024

6 маусымда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық сессиясы өтті. Іс-шарада компания менеджменті мен қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясының іске асырылуына сыртқы және ішкі факторлардың әсерін талқылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының стратегиялық мақсаттарына қорды ұлғайту, бизнес бағыттардың тиімділігін арттыру, мұнай-газ химиясы бағытын дамыту, көміртегі ізін азайту кіреді. Бұл мақсаттар 2024 жылы да өзекті болып қала бермек.

Басқарма төрағасы А. Хасенов ҚазМұнайГаз өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін бизнес-процестерді жетілдіру, стандарттар мен регламенттерді жеңілдету бойынша жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Компания озық технологиялар мен тың жұмыс әдістерін енгізу арқылы қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылық саласындағы көшбасшылыққа ұмтылады. Сонымен қатар сессияда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да еңбек қауіпсіздігінің мәдениеті, компанияның өндірістік қауіпсіздік саласындағы саясатын қалыптастырудың негізгі тәсілдері талқыланды. Компания үшін еңбек қауіпсіздігінің мәдениеті және өлім-жітімге мүлдем төзбеушілік қағидаты – бұл тек кәсіби этика ғана емес, сондай-ақ «ҚазМұнайГаздағы» ең жоғары құндылық болып саналатын адамдардың амандығы мәселесі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>