Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарынан мұнай сатудағы алыпсатарлық операциялар жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды

10.05.2023

Желіде «Өзенмұнайгаз» компаниясы өндіретін мұнай бағасын белгілеуге қатысты шындыққа жанаспайтын ақпараттың кеңінен таралуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тарапына осы жағдайды түсіндіріп өтуге көптеген сауал келіп түсіп жатыр.

Осыған байланысты ҚМГ-нің мұнай өндіретін ұйымдарының, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ты қоса алғанда, экспортқа шығатын барлық өнімін үшінші тарап, яғни жеке делдал емес, ҚМГ компаниялар тобының жүйелік трейдері сатып алатынын хабарлаймыз.

ӨМГ-нің экспортқа шығатын барлық мұнай көлемі әлемдік мұнай бағасына сай сатып алынады.

Сондай-ақ ҚМГ ішкі нарықтың қажеттілігіне арналған ӨМГ өнімін де ешқандай делдалсыз сатып алады.

Оның үстіне, ел халқын қолжетімді бағамен отынмен қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін сату кезінде шекті бағаны мемлекет белгілейді және бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін тиімсіз болып келеді. Шығынды азайту үшін өңдеуге жіберілетін мұнай кен орындарынан экспорт бағасынан төмен бағамен сатып алынып, мұнай өңдеу зауыттарына тікелей жөнелтіледі.

Осылайша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарынан мұнайды төмендетілген бағамен ішкі нарыққа сатып, оны одан әрі үшінші тұлғалардың экспортқа қайта сатуы бойынша алыпсатарлық операциялар жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>