Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ арнайы жұмыс тобы Жаңаөзен кәсіпкерлерімен кездесті

05.05.2023

Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Д.Хасанов бастаған арнайы жұмыс тобының өкілдері қаланың 30-ға жуық кәсіпорнының басшыларымен кездесу өткізді. Іс-шараға «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры Н.Қилыбай, Жаңаөзен қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Шарапатдинов, жергілікті атқарушы орган өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатысты.

Талқылауға Жаңаөзен аумағында бірқатар тауар өндірісі мен қызмет түрлерін дамыту мәселесі арқау болды.

Д.Хасанов атап өткендей, талдау барысында «Өзенмұнайгаз» компаниясының сатып алу қызметінде болашақта отандық өндірушілер жеткізуіне болатын тауар мен қызмет түрлерінің бар екені анықталды. «Бұл шара өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге және жергілікті тауарлар мен қызметтерді дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті жұмыс тобының жетекшісі.

Жиынға қатысушылар өңірдегі қажеттіліктерді анықтап, тиісті ұсыныстарды қарайтын арнайы шағын топ құру туралы шешім қабылдады.

Бүгінде қала кәсіпкерлері ысырмаларды жөндеу, шыныпластикалық құбырларды жөндеу, гидравликалық кілтті жалға алу және металл сынықтарын радиациядан тазарту сияқты қызметтерді дамыту бойынша жобаларды қолға алғанын айта кету керек.

Арнайы жұмыс тобы жергілікті тауар мен қызмет түрлері бойынша  перспективалы бағыттарды анықтау үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ сатып алу қызметін толық талдау жұмысын жалғастырады.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>