Астанада ҚазМұнайГаз Спартакиадасы басталды
12.06.2026
Бүгін Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы Спартакиадасының ашылу салтанаты болды. Спорттық іс-шара 12-15 маусым аралығында өтеді. Жарысқа ҚМГ-ның 39 еншілес және тәуелді ұйымынан 900-ден астам адам қатысады. Спортшылар футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, армрестлинг, киберспорт, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық, садақ ату, үстел теннисі, жүзу және жеңіл атлетикадан эстафеталық және жеке жүгіру бойынша сынға түседі.
Спартакиадаға «Өзенмұнайгаз», «Ембімұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «ҚазТрансОйл», «Oil Services Company», «Павлодар мұнай-химия зауыты», «Петро Қазақстан Ойл Продактс», «Қазақтүрікмұнай», «Қазақойл Ақтөбе», «Өріктау Оперейтинг», «Урал Ойл энд Газ», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Силлено», «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.», «KMG PetroChem», «Қазгермұнай», «ҚазМұнайГаз», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Өзенмұнайсервис», «Кен-Құрылыс-Сервис», «Су өндіру және тасымалдау басқармасы», «ҚазГӨЗ», «KMG EP Catering», «Oil Construction Company», «Ойл Транспорт Корпорейшэн», «Мұнайтелеком», «Маңғыстауэнергомұнай», «Dunga Operating GMBH», «Қазақтеңізкөлікфлоты», «Caspi Bitum», «ҚМГ Қашаған Б.В.», «ҚМГ Инжиниринг», «KMG-Security», «ҚазМұнайГаз–Аэро», «KMG Digital», «KMG Drilling&Services», «KMG Barlau», «ҚМГ Қарашығанақ», «Kazakhstan Energy Reinsurance Company» командалары қатысады.
Спартакиада аясындағы барлық жарыстың нәтижелері біздің ақпараттық арналарда жарияланатын болады. ҚазМұнайГаз салауатты өмір салтын, спортпен шұғылдануды насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға ерекше көңіл бөліп келеді. Компания жыл сайын спорттық іс-шараларды, соның ішінде қайырымдылық марафондарын өткізеді.