ҚМГ Спартакиадасының іріктеу кезеңі аяқталды
30.04.2026
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен Спартакиаданың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталды.
Жарысқа 10 компаниядан 300-ден астам қызметкер қатысты. Жарыс спорттың 13 түрінен өтті, соның ішінде футзал, волейбол, баскетбол, киберспорт, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық, садақ ату, үстел теннисі және жүзу. Биыл бағдарлама эстафеталар мен жеке жарыстар форматында өтетін жеңіл атлетикамен толықтырылды.
Үздік деп танылған спортшылар 11-15 маусымда өтетін ҚМГ Спартакиадасының финалдық кезеңіне жолдама алды. Оған іріктеу турларынан сәтті өткен ұлттық компанияның барлық еншілес және тәуелді кәсіпорындарының командалары қатысады.
Жалпы, ҚМГ салауатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды насихаттауға ерекше мән бөледі, сондай-ақ жыл сайын қайырымдылық спорттық іс-шаралар өткізеді.