Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» топ жарды

21.08.2023

18-20 тамыз аралығында Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына арналған Қор қоржынындағы компанияларға қарасты кәсіпорындардың қызметкерлері арасында VIII спартакиаданың ақтық ойындары өтті. Тартысты сайыста 845 қатысушы 11 спорт түрінен бақ сынады. Олар жекелеген және командалық жарыстарда өз компанияларының намысын қорғады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамасы бірнеше спорт түрі бойынша үздік нәтиже көрсетіп ерекшеленді. Атап айтсақ:

-         волейбол (ерлер және әйелдер командалары) – 1-орын,

-         баскетбол – 2-орын,

-         киберспорт – 1-орын,

-         үстел теннисі (ерлер және әйелдер командалары) – 3-орын,

-         арқан тарту – 2-орын.

Қазмұнайгаздықтар жеке спорт түрлері бойынша да жүлделі орындарға ие болды:

-         жүзу – 1-орын,

-         армрестлинг (екі номинация бойынша – 80 келі дейін және 80 келіден жоғары) – 3-орын,

-         шахмат ойындары – 1, 2 орындар.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық бірінші орынды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ иеленді. Айта кетсек, қорға қарасты компаниялар арасында «ҚазМұнайГаз» екі жыл қатарынан Спартакиада суперкубогының иегері атанып отыр.

«Бір команда – бір мақсат» ұраны ұжым ішіндегі корпоративтік мәдениетті нығайтуға ықпал ететін ауқымды іс-шараның басты идеясын айшықтайды, барлық қатысушыларды биік асуларды бірге еңсеруге шақырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>