Ақтауда ҚазМұнайГаз компаниялары тобының қызметкерлері арасында өткен Спартакиада өз мәресіне жетті
24.07.2025
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында ұйымдастырылған спорттық шара 20-24 шілде аралығында өтті. Оған ҚМГ-ның 30 еншілес және тәуелді ұйымдарынан 700-ден аса адам қатысты. Олар футзал, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, садақ ату, шахмат, киберспорт, жүзу, тоғызқұмалақ, арқан тарту, армрестлинг және асық ату сияқты спорт түрлерінен жарысқа түсті.
Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1-орын — «ҚазТрансОйл» АҚ (13 алтын медаль)
2-орын — «Өзенмұнайгаз» АҚ (2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль)
3-орын — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (1 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль).
Жарыстарда жеңімпаз болған спортшыларды құттықтап, шараға белсенді қатысқан әріптестерімізге алғыс айтамыз.