Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және вьетнамдық Sovico Group компаниясы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

09.09.2024

9 қыркүйекте Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов вьетнамдық Sovico Group компаниясының Басқарма Төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті.

Былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының Вьетнамға ресми сапары барысында ҚМГ мен Sovico арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Аталған құжат геологиялық барлау, авиаотын жеткізу, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Кездесуде вьетнамдық Sovico Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жоспарлап отырған жекешелендіруі және халықаралық авиарейстерді жетілдіру жөніндегі жоспары ескеріліп, тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру, карбонды кредит жобаларына қатысты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап талқыланған мәселелерді жете пысықтау үшін ҚазМұнайГаз бен Sovico арасында арнайы топ құруға келісті.

Анықтама үшін:

Sovico Group — Вьетнамның 1990-шы жылдары негізі қаланған жетекші инвестициялық тобы. Компания қаржы, банк ісі, авиация, жылжымайтын мүлік, энергетика және цифрлық трансформация саласында жұмыс істейді. Соңғы жылдары компания көлік-логистика, қаржы, мұнай-газ және тау-кен секторларында келісімдер қабылдап, Қазақстанмен өзара ынтымақтастығын белсенді дамытып келеді. Сондай-ақ Sovico Group  100% акция пакеті Самұрық-Қазынаға тиесілі қазақстандық  «QAZAQ AIR» АҚ әуе компаниясын сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта вьетнамдық инвестормен әуе компаниясының акциялар сату мәмілесінің соңғы талаптары пысықталып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>