Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГазда өндіріс мәселелеріне қатысты жиын өтті

28.11.2024

Бүгін, 28 қарашада, Астанада «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиевтің төрағалығымен 2025-2029 жылдарға арналған мұнай өндіру жоспары, геологиялық барлауды дамыту перспективалары және мұнай өндіруші мен мұнай сервистік еншілес кәсіпорындардың әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымы мәселелеріне арналған жиналыс өтті.

Жиынға ҚМГ басшысының орынбасарлары Бекзат Абайылданов, Диана Арысова және компанияның барлау мен өндіру блогы бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Жиында Қ.Есқазиев 2025-2029 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың негізгі бағыттары, соның ішінде мұнай өндіру көлемін ұлғайту, геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру жөніндегі міндеттер туралы айтты. Компания өндірістің тиімділігін арттыру және перспективті аймақтарда геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту үшін жаңа технологияларды енгізбек.

Өндіріс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелеріне баса назар аударылды. ҚМГ кен орындарында әлеуметтік-тұрмыстық нысандарын салу және жөндеу бойынша қысқа және орта мерзімді жоспарлар да талқыланды.

Бұл іс-шаралардың барлығы компанияның тұрақты дамуына және ҚМГ қызметін жүргізетін өңірлерде жұмысшылар үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>