Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Сомали елшісімен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

24.02.2026

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Сомали Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Фатхудин Али Мохамедпен кездесті. 

Тараптар ұлттық компания мен Сомалидің бизнес құрылымдары арасындағы энергетика саласында ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

А.Хасенов ҚазМұнайГаз қызметінің стратегиялық басымдықтары, оның ішінде ресурстық базаны толықтыру, өндіру тиімділігін арттыру, экспорттық бағыттарды әртараптандыру, мұнай өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттары мен энергияны тиімді пайдалану шешімдерін енгізу бағыттарындағы жұмыстар туралы хабардар етті. 

ҚМГ басшысы геологиялық барлау саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетіне ерекше тоқталды.

— Компания елімізде геологиялық барлау жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Ауқымды сейсмикалық зерттеулер жасалып, терең іздеу-барлау ұңғымалары бұрғылануда. Сонымен қатар геологиялық деректерді өңдеу бойынша цифрлық технологиялары пайдаланып, жер қойнауын 3D-модельдеу тәсілдері кеңінен енгізілуде. ҚазМұнайГаз геологиялық барлау жобаларын халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асыруға әрқашан ашық, — деді А.Хасенов. 

Өз кезегінде, Фатхудин Али Мохамед Сомалидегі мұнай мен газды барлау және өндіру секторының мүмкіндіктерін таныстырды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар басты бағыттар бойынша серіктестікті жандандыруға дайын екенін жеткізді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>