Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен Eni Жаңаөзенде күн электр стансасын іске қосты

27.09.2025

ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және италиялық Eni S.p.A. энергетикалық компаниясы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВт күн электр стансасының құрылысын аяқтап, оны пайдалануға берді.

Ресми ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов, «Самұрық-Қазына» АҚ мұнай-газ активтері департаментінің директоры Жандос Қайргелді, Eni компаниясының Қазақстандағы басшысы Сегер Хойтинк, Plenitude Қазақстан басқарушы директоры Федерико Пульезе, Plenitude компаниясының жаңартылатын энергия көздері бөлімінің басшысы Алессандро Делла Зоппа қатысты.

Нысанды іске қосу — жалпы қуаты 247 МВт болатын Гибридті электр стансасын салу жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі болды. Бұл жоба күн, жел, газ электр стансаларынан тұрады және ҚМГ-ның төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында салынуда.

Жаңа күн электр стансасы заманауи фотоэлектрлік технологиямен жабдықталған — 80 гектарға жуық аумақта LONGi компаниясының 80 000-нан аса күн панелі орнатылған. Осы панельдердің тиімділігі — олар екі жағынан да энергия шығарады. Жалпы, бұл кешен жылына 86 млн кВт•сағ таза энергия өндіретін болады. Гибридті конфигурация жаңартылатын энергия көздерін газ генерациясымен біріктіреді, бұл құбылмалы ауа райы кезінде де энергия қуатын береді.

Күн электр стансасының құрылыс жұмыстарына 250 адамға дейін жұмылдырылды, бүгінде газ электр стансасын салу алаңында 122 маман еңбек етуде.

Күн электр стансасы ҚМГ-ның өңірдегі еншілес кәсіпорындары — «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ін электр энергиясымен қамтамасыз етіп, өндірістік процестердің тұрақтылығын сақтайды. 

ҚМГ мен Eni 2026 жылы тағы екі нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр: жел (77 МВт) және газ электр стансалары (120 МВт). Бұдан кейін жоба жаңартылатын энергия көздері мен дәстүрлі генерация арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін бірыңғай гибридті энергия кешені ретінде толық қуатына шығады.

— ҚМГ мен Eni арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың нәтижесінде қолға алынған жоба — Қазақстанның көміртегі бейтараптығының 2060 жылға дейінгі стратегиясын іске асыруға үлес қосып отыр. Гибридті стансасының құрылысы мемлекет деңгейінде көрсетілген жүйелі қолдаудың арқасында мүмкін болды. Кешен толық іске қосылғаннан кейін электр энергиясының шамамен 40% жаңартылатын көздерден алынады, бұл көміртегі ізін едәуір азайтады және мұнай-газ өндірудің сенімділігін қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында жоба уақтылы жүзеге асырылды, — деп атап өтті Асхат Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>