Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен SOCAR басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен жоспарларын талқылады

02.06.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Баку қаласында Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен кездесті.

Тараптар геологиялық барлау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады. Бұған дейін ҚМГ әзербайжандық серіктестеріне бірнеше перспективті учаскелер бойынша деректерді ұсынған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстанда геологиялық барлау жобаларын іске асыруға SOCAR компаниясының қатысу мүмкіндіктері зерттеліп жатыр.

Сондай-ақ ҚазМұнайГаз, SOCAR, Татнефть және Өзбекнефтегаз компаниялары жасасқан Цифрлық технологиялар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы төртжақты меморандумдардың іске асу барысы қаралды. Бұл салада компания мамандары ақпарат алмасып қана қоймай, инновациялық технологиялар мен операциялық процестерді басқарудың цифрлық жүйелерін, сондай-ақ қауіпсіздік деңгейін мониторингілеуді бірлесіп зерттеуде.

Сонымен қатар кездесуде метан шығарындыларын талдау, басқару және оны азайту саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселесі сөз болды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>