Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ кадр әлеуетін дамытуда

08.04.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлері Мәскеудегі СКОЛКОВО басқару мектебінде «ДНК Лидерства» бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Мамандардың басқарушылық, операциялық және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған жоба СИБУР холдингімен серіктестік аясында жүзеге асырылды.

Бағдарлама 2024 жылдың қараша айында басталып, оған 33 жасқа дейінгі 300 адам қатысты. ҚМГ компанияларынан конкурстық іріктеуге 24 үміткер түсіп, нәтижесінде еншілес ұйымдардың 6 өкілі таңдалды. Атап айтқанда: 
«KPI Inc» ЖШС — Мейірбек Наукенов 
«ПМХЗ» ЖШС — Роман Шептенко және Әділ Рғайбек
«ПҚОП» ЖШС — Әлібек Жолдасбек
«Silleno» ЖШС — Бауыржан Өтепқалиев және Руслан Хайдаров. 

Оқу 1,5 жылға созылып, 6 аралық бағалау модульді қамтыды. Қатысушылар операциялық тиімділікті арттыру құралдары, өндіріс шығындарын азайту әдістері, экономикалық негізделген басқару шешімдерін қабылдау принциптерін зерттеді, сондай-ақ коммуникация, келіссөздер жүргізу және топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдірді. 

Бағдарламаның практикалық бөлігі нақты кейстерді талдауды және өндірістік процестерді жақсартуға бағытталған командалық тапсырмаларды қамтыды. 

Финалдық модуль қорытындысы бойынша ҚМГ және СИБУР өкілдерінен құралған топ 9 команда ішінен 2-орынға ие болды. 

ҚМГ-ның Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Шолпан Жұмағазиева бұл бағдарлама ұлттық компанияның кадрлық әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар заманауи өндірістің талаптарына сай, тиімді шешім қабылдайтын және тұрақты дамуды қамтамасыз ете алатын жас басшыларды даярлауға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>