Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен «Sinopec» геология саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

19.04.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Sinopec International Energy Investment Limited бас директорының орынбасары Чжао Сюаньмен келіссөз өткізді. Кездесуде тараптар Қазақстанның жер қойнауын геологиялық зерттеу мен геологиялық барлау саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің жобасын талқылады.

Дайындалып жатқан құжатта жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша бірнеше жоба, перспективалы барлау жобалары, сондай-ақ еліміздің аумағындағы аз зерттелген шөгінді алаптары қамтылған.

Сонымен қатар тараптар геологиялық барлау саласында тәжірибе алмасуға ниет білдірді. Перспективалы учаскелерді геологиялық және техникалық-экономикалық бағалау, барлау процесінің жаңа технологиялары мен цифрландыру, зерттеу институттарына, дата орталықтарына, флюидтер (сұйық заттар) мен кернді талдайтын зертханаларға, өндіріс нысандарына өзара келісе отырып бару сияқты ынтымақтастықтың практикалық бағыттары айқындалды.

Әлемнің жетекші мұнай-газ компанияларының бірі — Sinopec-тың озық тәжірибесін зерделеудің нәтижесінде ҚМГ мамандары геологиялық барлаудағы жаңа технологиялар мен тәсілдер бөлігінде өз біліктілігін арттыра алады және кейіннен оларды ұлттық компанияның жобаларын іске асыруда қолдана алады.

Кездесуде қытайлық серіктестердің «Өріктау» жобасына және Ақтөбе облысындағы Әлібекмола мен Қожасай мұнай-газ конденсатты кен орындарынан газ өңдеу зауыттарының құрылысына қатысу болашағы да талқыланды. Аталмыш кен орындарды «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС игереді. Бұл компанияның паритеттік негіздегі үлескерлері – ҚМГ мен «Caspian Investments Resources Ltd» (Sinopec).

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>