Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Sinopec полиэтилен зауытын салу жобасының серіктесі атанды

17.10.2023

Sinopec корпорациясы қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасында 30 пайыз үлеске ие болды.

17 қазанда Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, СИБУР және China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec) полиэтилен өндіру жөніндегі жобаға қатысу үлесін сатып алу-сату шарттарына қол қойды.

Қазақстан мен Қытай тараптары арасындағы құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Sinopec Директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэн Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қол қойды. Мемлекет басшысы 17-18 қазан күндері ҚХР-ға ресми сапармен барды.

Қол қою рәсімі «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында өтті.

ҚМГ Sinopec корпорациясына «Силлено» ЖШС (жоба операторы) компаниясындағы 20% үлесін сатады. Сонымен қатар, СИБУР Sinopec-ке 10% үлесін береді.

«Силлено» ЖШС меншік иелерінің құрылымы келесідей болады: ҚМГ – 40%, Sinopec – 30%, СИБУР – 30%. Sinopec-тің полиэтилен жобасына қосылуы бойынша барлық заңды рәсімді 2024 жылдың I тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Полиэтилен өндіретін болашақ зауыттың жобалық қуаты — жылына 1,25 млн тонна. Кәсіпорын Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақтың аумағында Теңіз кен орнына (Атырау облысы) жақын жерде салынатын болады.

«Sinopec-тің жобаның тең құқылы серіктесі атануы оның сәтті жүзеге асуына кепіл болатынына сенімдімін. Қытайлық серіктестердің мұнай-химия кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдаланудағы тәжірибесі полиэтилен өндіретін заманауи әрі сенімді кешен салуға, сондай-ақ болашақта Қытай аумағында дайын өнімді сатуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Қазіргі уақытта жоба кеңейтілген негізгі жобалау (EBD) сатысында. Жоба қатысушылары соңғы инвестициялық шешімді (FID) 2024 жылы қабылдайды деп күтіледі.

Анықтама үшін:

Полиэтилен жобасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының шеңберінде іске асырылып жатыр, сондай-ақ жоба ҚМГ-нің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сай келеді.

Қазіргі уақытта Полиэтилен жобасы бойынша әлемдік Chevron Phillips Chemical, Univation Technologies, Axens компанияларымен лицензиялық келісімдер жасалды. Бұл шығаратын өнім түрлерін кеңейтуге, соның ішінде, бүкіл әлемде жоғары сұранысқа ие полиэтиленнің премиум түрлерін өндіруге мүмкіндік береді. Дайын өнімді ішкі нарықта сату, сондай-ақ экспортқа шығару жоспарда.

Полиэтиленге сұраныстың жоғары болуы көптеген тұрмыстық және өнеркәсіптік өнім мен тауарлардың осы полимерден жасалуымен байланысты. Мысалы, өнім пластикалық құбырлар, құрылыс және орау материалдары, автокомпоненттер, тіпті, ғарыш аппараттарының ішкі қаптамасын жасауға қолданылады.

2023 жылдың наурызында СИБУР Полиэтилен жобасына ресми түрде қосылу рәсімдерін аяқтады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>