Геологиялық барлауға инвестициялар құю: ҚМГ және SINOPEC «Березовский» жобасын іске асыру бойынша талаптарын бекітті
16.06.2025
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев «Sinopec-Kazakhstan» компаниясының президенті Чжао Цюаньминмен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, атап айтқанда геологиялық барлау жобалары талқыланды.
Бүгін ҚМГ мен SINOPEC арасында Батыс Қазақстан облысындағы «Березовский» барлау жобасы бойынша бірлескен қызметтер мен қаржыландыру туралы келісімдерге қол қойылды. Құжаттар стратегиялық серіктестікті және жаңа жобаны бірлесіп іске асыру талаптарын айқындайды.
Компаниялар жобаны 50/50 тепе-тең талаптармен жүзеге асыруға келісті. Барлау кезеңін Sinopec компаниясы қаржыландыратын болады. Жұмысты орындау бағдарламасы аясында 300 бойлық км 2D және 300 шаршы км 3D сейсмикалық барлау, сондай-ақ тереңдігі 7 000 м болатын іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарлануда.
— ҚМГ 2023-2024 жылдарға арналған жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында 2D сейсмикалық барлау және өңірлік зерттеу қорытындысы бойынша «Березовский» учаскесінің перспективаларын белгіледі. Оның болашағы объектілері өте терең күрделі геологиялық-технологиялық жағдайларда орналасқан Каспий маңы бассейнінің солтүстік борттық аумағындағы тұзасты шөгінділерімен байланысты. SINOPEC компаниясының геологиялық зерттеу, бұрғылау және кен орындарын тереңдікте игеруде мол тәжірибесі бар. Сондықтан біз «Березовский» жобасы бойынша геологиялық барлау жұмыстарының жоспарлары сәтті іске асырылатынына сенімдіміз, — деді Қ.Есқазиев.