Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырауда Силлено зауытына арналған ең ірі бағананы тасымалдау басталды

07.07.2026

Атырауда бірегей логистикалық операция басталды. Отандық «АтырауНефтеМаш» кәсіпорнында дайындалған этиленді бөлу бағанасы Силлено полиэтилен өндіру зауытының құрылыс алаңына жөнелтілді.

Этиленді бөлу бағанасы – полиэтилен өндірісінің негізгі шикізаты саналатын этиленді өндіру қондырғысының негізгі технологиялық жабдығы.

Оның техникалық сипаттамалары:
биіктігі – 101,8 метр (30 қабатты тұрғын үйден биік)
- диаметрі – 7,5 метр
- салмағы – шамамен 1,5 мың тонна.

Ірі габаритті жабдықты тасымалдау үшін өске салмақтың біркелкі түсуін қамтамасыз ететін арнайы өздігінен жүретін модульдік тасымалдағыш пайдаланылады. Мұндай инженерлік шешім өске жүктемені рұқсат етілген шектерде ұстап, жол жабынының бүлінуіне жол бермейді.

Тасымалдау қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, күндізгі уақытта (сағатына 2–4 шақырым жылдамдықпен) жүзеге асырылады. Жабдықты өндіруші кәсіпорыннан «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы құрылыс алаңына дейін жеткізу бағыты уәкілетті мемлекеттік органдармен егжей-тегжейлі келісілген.

Осындай ауқымды әрі техникалық тұрғыдан күрделі жабдықтың қазақстандық кәсіпорында дайындалуы – жергілікті қамтуды дамытудағы маңызды қадам. Бұл жоба отандық өндірушілердің инженерлік және өндірістік әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетіп, өнеркәсіптің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобаларды іске асыруға қазақстандық компаниялардың қатысу үлесін арттырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>