Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Силлено» зауытына арналған ірі габаритті жабдықтың алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

19.06.2026

Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен өндіру зауыты үшін ірі тоннажды жабдықтың алғашқы партиясы аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін екі кемемен Қазақстанға жеткізілді. Жүк Маңғыстау облысындағы Ерсай портына келді.

Жүк құрамында өндіруші зауыттан шыққан пиролиз қондырғысына арналған тоғыз технологиялық жабдық бар. Партияның жалпы салмағы 12 мың тоннаға жуық, бұл шамамен 200 жүк тиелген теміржол вагонының салмағына тең.

Құрамында реакторлар, сепараторлар және бағаналар бар. Ең ірі жабдық – ұзындығы 43 метрден асатын, салмағы 347 тоннаны құрайтын дымқыл факел газының сепараторы (Wet Flare Knock Out Drum).

Жүкті түсіру жұмыстары аяқталды. Келесі кезеңде жабдық Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы құрылыс алаңына жеткізіледі.

Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіруге қауқарлы «Силлено» зауыты – Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы негізгі инвестициялық жобалардың бірі. Ірі тоннажды жабдықтың алғашқы партиясының жеткізілуі құрылыс жұмыстарының бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асып жатқанын растайды. Кешенді іске қосу 2029 жылға жоспарланған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>