Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкент-Баку: AZAL жаңа рейстер ашады, ҚМГ-Аэро ұшақтарға жанармай құюды қамтамасыз етеді

26.05.2026

ҚазМұнайГаз-Аэро және Azerbaijan Airlines (AZAL) Шымкент қаласының халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына» жанармай құю бойынша қызмет көрсету туралы шартқа қол қойды.

AZAL 2026 жылғы 16 маусымнан бастап Шымкент-Баку бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін іске қосады. Рейс аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі орындалады.

ҚМГ еншілес компаниясы - ҚазМұнайГаз-Аэро авиакомпанияның әуе кемелеріне халықаралық қауіпсіздік, сапа және операциялық сенімділік стандарттарына сәйкес жанармай құюды қамтамасыз ететін болады.

Жетекші халықаралық әуе тасымалдаушыларымен серіктестікті кеңейту ҚМГ-Аэроның Қазақстан әуежайларында авиакомпанияларға тұрақты қызмет көрсететін басты авиаотын операторларының бірі ретіндегі беделін нығайта түседі.

Іске асырылып жатқан шаралар — Мемлекет басшысының елдегі көлік-логистиканың әлеуетін дамытуға, отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанға шетел авиакомпанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Бұл тақырыпқа қатысты жарық көрген материалдар:

  • ҚМГ-Аэро Қазақстан әуежайларында Uzbekistan Airways рейстерін отынмен қамтамасыз етеді
  • Алматы әуежайында Thai AirAsia X рейстері отынмен қамтамасыз етіле бастады
  • Халықаралық жүк тасымалдаушы әуе компаниялар Қазақстандағы қызметін кеңейтуде
  • Turkish Airlines Алматы әуежайы арқылы ұшатын жүк рейстерінің санын арттырады 
  • ҚМГ-Аэро Алматы әуежайына жаңа халықаралық авиакомпанияларды тартуда
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>