Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Шымкентте ҚМГ ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметтері басшыларының форумы өтті

17.11.2023

17 қарашада Шымкент қаласында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС базасында ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметтері (ӨҚ, ЕжҚОҚ) басшыларының қатысуымен форум өтті.

Форумның мақсаты – «Мердігерлік ұйымдардың оқиғаларды тергеп-тексеру және ӨҚ, ЕжҚОҚ басқарудың тиімділігін» арттыру. Іс-шараға 43 ұйымнан 60-тан аса адам қатысты.

Аталған іс-шара 2023-2027 жылдарға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобында өндірістік қауіпсіздікті, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту жөніндегі Жол картасын орындау аясында өткізілді.

Форумға қатысушыларға «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов құттықтау сөз сөйлеп, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылатынын және ең шалғайдағы өндірістік учаскедегі әрбір жұмыскер өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын жеке түсініп, өзіне ғана емес, әріптестерінің өмірі мен денсаулығын сақтау туралы ойлануы керектігін атап өтті.

Форум аясында қатысушылар оқиғаларды тиімді тергеп-тексеру, мердігерлік ұйымдардағы ӨҚ, ЕжҚОҚ басқару және ӨҚ, ЕжҚОҚ басқарудың тиімді құралдары бойынша презентацияларды тыңдады, сондай-ақ нақты кейстерді шешу бойынша практикалық топтық жаттығуларға қатысты.

Форумды қорытындылай келе, ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сейтмағамбетов мұндай форумдар өндірісте үздіксіз және қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін қызметтердің барлық буындарындағы негізгі элемент болып табылатын ӨҚ, ЕжҚОҚ саласындағы коммуникацияны арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>