Геологиялық барлау, ірі жобалар және кадрларды даярлау: ҚМГ және Shell ынтымақтастық мәселелерін талқылады
23.06.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Shell компаниясының барлау және өндіру бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хоумен кездесті.
Екі компания арасындағы геологиялық барлау, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру бағытындағы ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ қазақстандық кадрларды даярлау мәселелері қаралды.
Тараптар ҚМГ-ның жергілікті кадрлардың біліктілігін дамыту әрі күшейтуге қатысты стратегиялық міндеттерін іске асыру аясында ҚазМұнайГаздың басшылық қызметтегі және инженер-техник мамандарын «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (KPO) компаниясына жіберу мүмкіндігін талқылады.
Сондай-ақ кездесуде KPO және NCOC-да 2020-2025 жылдарға арналған жергілікті кадрлар үлесін арттыру бағдарламасын жаңарту және оны алдағы бес жылға созудың маңызы туралы айтылды.
— Shell компаниясы — ҚазМұнайГаздың стратегиялық серіктесі. Біз қазіргі жобалар және жаңа бастамалар аясында, cоның ішінде геологиялық барлау саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың одан әрі нығая түсетініне сенімдіміз, — деді А.Хасенов.