Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және Shell ірі жобалар мен геологиялық барлау бағыттарын қарастырды

19.05.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Shell концерні барлау және өндіру бөлімшесінің басшысы Питер Костелломен кездесті.  

Кездесуде трансұлттық концернінің Қазақстандағы Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бағытындағы қазіргі жұмыстары талқыланды.

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Қашаған кен орнында ҚМГ үлесін қосқанда 6 млн 118 мың тонна мұнай өндірілді. 2025 жылға жоспарланған өндіру көлемі 17,8 млн тоннаны құрайды. Өз кезінде А.Хасенов кен орнының зор әлеуетін ескере отырып, жобаның барлық қатысушыларын елішілік құндылықты дамытуға және қазақстандық қамту үлесін арттыруға баса назар аудара отырып, Қашағанды толық игеру жоспарын орындаудың маңызын атап өтті.

Қарашығанақ кен орнында ҚазМұнайГаз үлесін қоса алғанда, өндіру көлемі 2025 жылғы 4 айда 3,8 млн тонна мұнайды құрап, жоспар асыра орындалды. Биыл Қарашығанақта 11,14 млн тонна мұнай және 25,57 млрд текше метр газ өндіру жоспарланған. ҚМГ Қарашығанақ жобасындағы серіктес ретінде осы кен орнында қуаты жылына 4,5 млрд текше метр болатын Газ өңдеу зауытының құрылысы бойынша оң динамиканың жоқтығына алаңдаушылық білдірді.

Тараптар қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру және дамыту мәселелерін, атап айтқанда ҚазМұнайГаз мамандарын «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына жіберуді қарастырды.

Сонымен қатар кездесуде жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша ынтымақтастық орнату мәселесі сөз болды. ҚазМұнайГаз геологиялық барлау жобаларына инвестиция тарту мақсатында 2024 жылы жаһандық роуд-шоу өткізді. Өз кезегінде Shell бірнеше перспективалы учаскеге қызығушылық танытты.

Компаниялар арасында ортақ геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлау үшін сейсмикалық зерттеулердің нәтижесін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін келісім жасалды. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Shell Ақтөбе облысында орналасқан «Мұғалжар» жобасының әлеуетін бірлесіп зерттеуге қатысып жатыр.

- ҚазМұнайГаз Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың жаңа форматтарына әрқашан ашық. Біз ұзақ мерзімді стратегиямызды іске асыру аясында Shell компаниясын басым серіктес ретінде қарастырамыз, - деді А.Хасенов.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>