Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы «Шелл» басшылығымен кездесті

26.08.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 26 тамызда Астанада «Шелл» концернінің «Мұнай мен газды барлау және өндіру» бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Питер Костелломен және «Шелл» концернінің Қазақстандағы төрағасы Али Әл-Джанабимен кездесті. А.Хасенов корпорацияның қазақстандық өкілдігінің алдыңғы басшылығына екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан көп жылғы үлесі үшін алғыс білдіріп, «Шелл» концернінің Қазақстан Республикасындағы жаңа төрағасын құттықтады.

Кездесуде Қашаған кен орнын одан әрі игеру мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге Қарашығанақ кен орнын игеру тақырыбы көтерілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта жылына 4,5 млрд текше метр газ өңдеуге қауқарлы газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері қозғалды.

Мұнай экспортының жаңа бағыттарын дамыту және бірлескен геологиялық зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар қос компания тиімді өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейтінін атап өтті.

Анықтама үшін:

North Caspian Operating Company (NCOC) өнімді бөлу туралы келісім (NCSPSA) бойынша Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асыру үшін құрылған операциялық компания. Консорциум Атырау қаласынан 80 шақырым жерде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан, Қашаған кен орнын игереді. Консорциум 2000 жылы ашылып, өнеркәсіптік өндірісін 2013 жылы бастады. Консорциум құрамына жеті компания кіреді: ҚМГ (16,88%), Eni (16,81%), Exxon Mobil (16,81%), Shell (16,81%), TOTAL SA (16,81%), CNPC (8,33%), INPEX North Caspian Sea (7,56%). Жоба операторы – NCOC N.V.

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (KPO) — бұл әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі – Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнын игеру үшін құрылған консорциум. KPO 1997 жылы құрылып, жобаны 2038 жылға дейін өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБК) негізінде басқарады. Консорциум құрамына ҚМГ (10%), Eni (29,25%), Shell (29,25%), Chevron (18%), ЛУКОЙЛ (13,5%) компаниялары кіреді. Жобаның бірыңғай операторы ‒ Shell және Eni.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>