Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз МӨЗ-і қазан айында Астана тұтынушыларына сұйытылған газды толық көлемде жеткізді

07.11.2023

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын (СМГ) жеткізу жоспарына сәйкес, биыл қазан айында Астана қаласының қажеттіліктерін өтеу үшін 7 452 тонна, оның ішінде Павлодар мұнай-химия зауытынан (ПМХЗ) 1 980 тонна және СНПС-Ақтөбемұнайгаз-дан (ҚазМұнайГаз тобына кірмейді) 5 472 тонна отын бөлінді. Аталған көлем Павлодар мұнай-химия зауытынан толық жеткізілді.

Астана тұрғындарының қажеттілігі үшін СМГ Атырау мұнай өңдеу зауытынан (АМӨЗ) бұрыннан жөнелтілмейді.

Павлодар зауытында СМГ өндірісі жоспарға сай жүріп жатыр. Газ жөнелту қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес және жергілікті атқарушы органдар ұсынған тұтынушылар тізіміне сай жүргізіледі.

АМӨЗ-дегі жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары Астана қаласының СМГ нарығына әсер етпейді, өйткені зауыт отынның осы түрімен бұрыннан тек Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұтынушыларын қамтамасыз етіп келеді.

ПМХЗ қараша айында жоспарға сәйкес елорда тұтынушыларына жеткізілетін жалпы 8500 тонна сұйытылған газ көлемінен 472 тонна жеткізуіге тиіс.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>